Жаңа министрлер Үкімет отырысында ант берді

Жаңа министрлер Зульфия Сүлейменова, Асхат Оралов, Азамат Есқараев, Марат Қарабаев және Ғани Бейсембаев ант берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жаңа мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова, білім министрі Ғани Бейсембаев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев және әділет министрі Азамат Есқараев Үкімет отырысында ант берді.

"Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында бар күш-жігерімді және білімімді Отанымның өркендеуіне арнауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін", - деді министрлер.

Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов жаңа министрлерге табыс тіледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!