Қарағандыдағы жарылыс: 3 адам қаза тапты

Қарағандыдағы жарылыс: 3 адам қаза тапты

Қарағандыдағы жарылыс болған пәтерден қаза тапқан үш адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қаза болғандар - екі ер адам мен бір әйел. Тағы бір адам ауруханаға жатқызылды.

Еске салайық, сейсенбінің кешінде Қарағандыдағы Республика даңғылының бойында орналасқан 16 қабатты 127 пәтерлі тұрғын үйде жарылыс болды. Газ жарылған деген алдын ала мәлімет бар. Жарылыстан кейін өрт шығып, еден аралық плиталар мен қалқалар құлағаны белгілі.

ТЖД өкілдері 11 адамды құтқарды, оның ішінде екі бала бар. Төтенше жағдай орнында 88 адам және ТЖМ бөлімшелерінің 23 техникасы жұмылдырылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от "Вечерняя Караганда" (@vk_gazeta)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Патриот (@patriotkaragandy)

Тұрғындарды жылыту үшін ТЖД вахталары жұмылдырылды. Сағат 22:37-де өртсөндірушілер өртті оқшаулады.

ТЖ орнына Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев келді. Эвакуацияланған тұрғындар қонақүйлерге орналастырылады. Біреулер туыстарына барады. Өрт сөндірушілер, құтқарушылар, дәрігерлер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Құлтай