Қарағандыда көпқабатты тұрғын үйде алапат жарылыс болды

Қарағандыда көпқабатты тұрғын үйде алапат жарылыс болды

Қарағандыда көпқабатты тұрғын үйде алапат жарылыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

Хабарламада қаладағы 16 қабатты 127 пәтерлі тұрғын үйдің 8-қабатында алдын ала мәлімет бойынша, газ жарылып, өрт болғаны айтылады. Құтқарушылар оқиға орнында эвакуация жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әзірше зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ.

"Кіреберісте қою түтін шығып жатыр. Оқиға орнына Қарағанды облысы ТЖД, Жедел-құтқару жасағының, Апаттар медицинасы орталығының жеке құрамының 50 адамы мен 12 техникасы жетті", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Патриот (@patriotkaragandy)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Құлтай