"Терезені сындырып кірген". Петропавлда кәсіпкерді тонаған адам ұсталды

"Терезені сындырып кірген". Петропавлда кәсіпкерді тонаған адам ұсталды
Фото: Polisia.kz

Петропавлда ер адам кәсіпкердің үйіне терезені сындырып кіріп, ақша, зергерлік бұйымдар және ерлер мен әйелдер әтірімен бірге басқа да құнды заттарды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын сомасы 20 миллион теңгеден асқан, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігі (Ұрлық) бойынша соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Бейнекамералардағы жазбалардан қылмыс жасалған маңда жедел уәкілдер күдікті адамды байқады. Оны тануға көкшетаулық әріптестер көмектесті. Ер адам полицейлерге жақсы таныс. Ол бұрын мүліктік қылмыстар үшін бірнеше рет сотталған 41 жастағы көкшетаулық тұрғын болып шықты.

Екі күннен кейін ер адам Астана қаласындағы қонақүйлердің бірінен ұсталды. Материалдық құндылықтар мен ақшаның біраз бөлігі тәркіленіп алынып, иелеріне қайтарылды.

"Осы оқиғадан кейін зардап шеккен отбасы бейнебақылау камералары мен дабыл орнатуды шешті. Бұлар ұрлықтың алдын алудың сенімді құралы, қылмыстарды ашуды жеңілдетеді. Адамдардан өз мүлкін қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау үшін шара қабылдауларын сұраймыз. Мықты құлыптарды қолданып, бірінші қабаттың терезелеріне торларды орнатыңыздар. Тұрғын үйдің техникалық нығайтылуы қылмыскерлердің заңға қарсы әрекеттерінен сақтайды. Өткен жылы облыста барлығы 327 пәтер ұрлығы тіркелді. Бүгінде 263 дерегі ашылды. Бұның ішінде пәтерлерге заңсыз кірумен байланысты 93 ауыр қылмыс бар, оның 77-сі ашылды", - дейді СҚО ПД басшысының орынбасары Руслан Назаров.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина