"Түсімде Мессиді көрдім, не болады?" Нұрлан имамға қойылған күлкілі 10 сұрақ

"Түсімде Мессиді көрдім, не болады?" Нұрлан имамға қойылған күлкілі 10 сұрақ
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде Нұрлан имам атты блогердің видеолары көпшіліктің көңілінен шығып жүр. Ол шариғат туралы сұрақтарға қазақы таным-түсінікпен, кейде әзілмен жауап береді. Имамның видеолары 1 миллион 200 мың, 1 миллион 300 мың қаралым жинаған. Сондықтан ол "Қызық премия" жобасында "Жылдың үздік блогері" де атанған еді. Massaget.kz тілшісі имамға қойылған қандай қызық сұрақтар барына шолу жасады.

Нұрлан Байжігітұлы немесе тиктокер блогер

Ол сұхбаттарының бірінде TikTok-қа қалай келгенін айтып берген еді.

"Дін жолындағы өтілім 30 жылдың ар жақ, бер жағы болды. Танымалдыққа ұмтылсам, басқаша іс жасайтын едім. Кезінде елбасының қасында да сөйлеп, уағыз айтқан жағдайым бар. 4-сыныпта оқитын ұлым "әке, балалар TikTok-та ұятсыз нәрсе көріп қалып жатыр. Сондай TikTok деген бар" деді. Өзім де ашып қарасам, бірыңғай селкілдеп, желкілдеп билегендер отыр екен. Біраз уақыт аяқ тартып жүрдім. Кейін әбден "неге біздің жастарды тәрбиелемеске?" деп ойландым. Арамды да біреу адалдыққа алып шығу керек қой. Сөйтіп, "бісіміллә" деп парақша аштым. Карантин уақытынан кейін бастадым. Қаралым жақсы болды. Жастар қызыққанын көріп, осы нәрсеге бел будым", - деген еді ол.

TikTok-тан алынған сурет

Сондай-ақ, ол сұрақтарға неге әзілдеп жауап беретінін түсіндірген болатын.

"Кейінгі кезде TikTok әлеміндегі әзілдерім кең тарап кетті. Өйткені жастардың бетін бұру үшін соны қолдануға мәжбүр болдым. Өйткені жай ғана қабағымды шытып айтқан кезде 100, 200 адам тыңдайтын еді. Бірақ бұлай болмайтын шығар деп арасына қалжың қостым. Бірақ дін ойынға айналып кетпеу керек. Адамдар қиып алып (бір бөлігін - еск.) салғаннан кейін жеңілтек нәрсе сияқты көрініп қалды, толық тыңдасаңыз олай емес", - дейді ол.

Имамға қойылған ең күлкілі 10 сұрақ

№1 Футболкамен намаз оқуға бола ма?

Имамға қойылған сұрақтар арасында намаз оқыған кездегі киімге қатысты да сауал болған. Оның сөзінше, жұрт "футболкамен оқуға болмайды, былай істесең болмайды, олай істесең болмайды" деп тиіседі. Алайда бұл - өзі енді оқып бастағандардың айтатыны.

@ozinditany Дін#дәстүр#нурланимам#нұрланұстаз#нұрлантт ♬ оригинальный звук - USTAZ NURLANIMAM

№2 Шәкеңнің түске кіруі нені білдіреді?

Бұл сұраққа имам әзілмен жауап берген. Ол жұрт шайтанды "шәкең" деп қатты сыйлайтынын айтып, оқырмандарынан періштені неге "пәкең" демейтінін сұраған.

"Ата-аналарыңызды солай сыйлаңыздар", - деп жауап берген ол.

@ozinditany Иман#ислам#нурланустаз#ұстаз#нұрланимам#нурланимам ♬ оригинальный звук - USTAZ NURLANIMAM

№3 Енеме ештеңе жақпайды, не істесем болады?

Имамға жиі қойылатын сұрақтардың бірі ене мен келін тақырыбына қатысты екен. Ол келіндердің бәрі енелерден шаршайтынын айтып, "демалып алыңыз", - деп жауап берген.

@ozinditany Шариғат#ене#дәстүр#нурланимам#жол#ене#қайыната#келін#күйеу#отан ♬ оригинальный звук - USTAZ NURLANIMAM

№4 Апа-сіңлі ана дүниеде бір-бірін көрмейді деген рас па?

Бұл сұраққа Нұрлан имам тіпті күтпеген жауап берген. Оның сөзінше, келесі өмірде бәрін көреміз.

"Көреді, бәрі бір-бірін көреді. Бүкіл президентті көресің. Ленинді көресің, Сталинді көресің. Сталин тұрады мұртымен", - деп жауап берген ол.

@tynyskhanqyzy @USTAZ NURLANIMAM сұраққа әдемі жауап... #Нурланустаз #врек ♬ Take Me to Hell - Chloe Adams

№5 Мәһірге Camry сұраса, алып беру керек пе?

Жиі қойылған сұрақтың бірі - мәһір. Ал имам бұл сауалға да тауып жауып берген.

"Camry сұраса, ойыншық Camry алып бер. Қытайдың ойыншықтары бар. Ол айта береді. Camry алып, сенімен ажырасып кетсе, не істейсің?", - деп жауап берген ол.

@baqytzhankyzy7 ?????#GenshinTeleport #махр #нурланустаз #нұрланимам #nurlanimam #mahr #намаз??? #дуа_и_зикры #махр #GenshinTeleport ♬ оригинальный звук - Цветочек ?

№6 Аяз атасыз жаңа жылды тойлауға бола ма?

Жаңа жыл кезінде Желі қолданушылары оны қалай тойлау керегін сұрапты. Имамның жауабы жұртты күлкіге қарық қылған. Оның сөзінше, тойласа да, тойламаса да, ешкім өткен жылда қалып қоймайды.

"Жаңа жылды күтіп алмасаң да ол келеді. Күтпейтіндер де 2023 жылға өтеді екен. 2022-де қалып кетпейді. Күтпесең, жаңа жыл келіп, есік алдында тұрып, "е, бұл күтпеді ғой, бұлар қала берсін" деп кетіп қалмайды. Бәрібір өтесің. Бұл біріншіден. Екіншіден, шайды міндетті түрде түнгі 12-де немесе 12 жарымда ішу керек пе?... Ол мемлекеттің мерекесі, дінді қоспаңыздар", - деп жауап берген ол.

@baqytzhankyzy7 ?????#нұрланұстаз #нұреке #нұрланимам #аязата #новыйгод ♬ оригинальный звук - Цветочек ?

№7 Жабайы қабан харам ба?

Нұрлан имамға қойылған сұрақтардың ішінде көп тарап кеткені мына сауал - "Дикий қабан харам ба?". Ол бұл сауалға әзілмен жауап берген.

"Дикий қабан, не дикий қабан, дрессированный қабан, ақылды қабан, сөйлейтін қабан, үйдегі қабан, даладағы қабан - бәрі харам", - дейді ол.

@baqytzhankyzy7 ???#нұрланұстаз #нұреке #нұрланимам #қабан #харам ♬ оригинальный звук - Цветочек ?

Тіпті қалың көпшілік арасында оның дәл осы жауабы мемге айналып кеткен.

@iska_d Сонымен харам ба? #рек #юмор ♬ оригинальный звук - Цветочек ?

Желі қолданушыларының пікіріне назар аударсақ, көпшілікке жауап ұнағанын байқауға болады.

"Осы екен ғой тренд болып жүрген", "Красавчик имам", "Отырып-отырып тренд шығарып жіберді", "Жауабыңыз жақсы болды-ау", "Нұрлан ұстаз лучший", - деген Желідегілер.

№8 Түсімде Мессиді көрдім, не болады?

Имам трендтегі нәрселерден де алыс емес. Кейбір сауалдарға солай жауап береді. Мәселен, футболға қатысты сұраққа Мұрат Әбділдәнің сөзімен жауап берген.

"Остановись, бэйби" деген сөз ол. Футболға қатты кетіп бара жатсың. Кішкене Құран оқы. Кітап оқы. Телефоннан шық деген сөз ол", - деп жауап берген ол.

@uagyz.tyndakz Месси Аргентина #нурланустаз #кабылболсын #месси ♬ оригинальный звук - Nurlan Imam

№9 Еркек пен еркек бір-біріне "жаным" десе бола ма?

Имамға еркек пен еркектің арақатынасы туралы да сұрақ қойылған.

"Дұрыс ойламайды ғой елдің бәрі. Онда да қандай ниетпен айтып жатқанын көру керек. Бауырмашылық ниетпен айтса, онда тұрған ештеңе жоқ. Бірақ біртүрлі естіледі ғой құлаққа, еркек пен еркек "жаным" десе. Бауырым десе онда тұрған ештеңе жоқ шығар", - деп жауап берген ол.

@amirovserik #нұрланұстазтоп#нұрланұстаз#дұрысәнгімелер @USTAZ NURLANIMAM ♬ оригинальный звук - Serik Amir

№10 Амандасқысы келмей, шекесі тырысып жүрген адаммен амандаспай-ақ қойсам бола ма?

Ал кезекті бір сұрақта ол адам бірінші амандасса, оған жауап болмаса, авторитет болатынын айтқан. Өйткені ол адам періштелермен амандасады екен.

"Оның мына жеріне (маңдайына - еск.) операция істелген шығар. Бетін тартқан шығар. Мына жері тырысып қалған шығар, қайдан білесің? Кейбіреулердің мына жері (қабақ тұсы - еск.) ауырады да, былай жүреді (қабағын түйіп- еск.). "Мынаның қабағы тырысып қалыпты ғой" дейсің. Болмайды ондай, жаным. Пайғамбарымыздан "Алла риза болу үшін не істеу керек?" дегенде "Аллаға құлшылық қыл. Жағдайы жоқтарға тағам бер. Сәлем бер бәріне" депті. Күтіп отырма, сен бірінші бер. Сәлем бірінші сенен басталсын. Шекесі тырысса, жауап бермесе ше? Саған періштелер жауап береді. Сен қандай авторитетсің?! Періштелермен амандасып жатсың", - деп жауап берген ол.

@berdibekova_jaudir #дуэт с @USTAZ NURLANIMAM #Кең ♬ оригинальный звук - USTAZ NURLANIMAM
@massaget.kz #имам#блогер#Нұрланимам#дінтанушы#ислам#теолог#Нұрланқажы#иман#рек#хочуврек ♬ оригинальный звук - Massaget.kz

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова