Көлікті ағаш түбіне қалдырмаңыздар! ТЖД алматылықтарға үн қатты

Көлікті ағаш түбіне қалдырмаңыздар! ТЖД алматылықтарға үн қатты
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматыда толассыз жауатын жауын-шашын салдарынан ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Алматы ТЖД деректері бойынша, 10 қаңтарда таңертең және түстен кейін қалың қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады.

"Азаматтардан айтылған кезеңде таулы жерлерге барудан бас тартуды және 112-қызметінен келетін хабарламаларды, БАҚ, теледидар, радио ақпараттарын назардан тыс қалдырмауын сұраймыз. Сондай-ақ, жауын-шашын туралы ескерту бойынша көліктерді ағаштардың, электр желілерінің және басқа да құрылымдардың түбіне қоймауға кеңес береміз. Ең қауіпсіз орынды табыңыздар, дұрысы - арнайы тұрақ орындары", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер Алматыда 10 қаңтарда бұлтты болатынын, таңертең және түстен кейін қар жауатынын айтқан еді. Кейде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел екпіні секундына 0-5 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 4-6 градус аяз болса, күндіз одан әрі төмендейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова