Қостанайда бірнеше жерде жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпарат тарады

Қостанайда бірнеше жерде жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпарат тарады
Фото: Polisia.kz

Қостанай полиция қызметкерлері жалған терроризмнің бірнеше дерегі бойынша соталды тергеуді бастады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қаңтарда қала полициясына әуежай ғимаратында, ауруханаларда, кітапханаларда және басқа да нысандарда жарылғыш заттар салынған деген жалған қоңыраулар келіп түсті.

Полиция қызметкерлері қоңырауларды мұқият тексерді, оның барлығы жалған болып шықты. 

Қазір полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар күдіктінің жеке басын анықтап жатыр. ҚР Қылмыстық кодекстің 273-бабы "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар" бойынша соталды тергеу басталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек