Өз сіңлісін ұры деп жариялаған әйел анықталды

Өз сіңлісін ұры деп жариялаған әйел анықталды

Әлеуметтік желілерде Дамира Құлмағамбетова атты тұрғын "кәсіби үй ұрысы" деген ақпарат тарады. Полиция өкілдері бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, Абай облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасы бұл ақпаратқа тексеру жүргізіп, ақпараттың жалған екенін анықтаған.

Дамира Құлмағамбетованың өзі де әлеуметтік желідегі парақшасында бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірген. Оның сөзінше, жалған ақпаратты әпкесі таратқан. 

"Рақмет, әпке! Бірнеше сағаттың ішінде мені бүкіл елге танымал еттің. Қыркүйектен бері менің және анамның жүйкесін тоздырып біттің. Ал әулеттің жүйкесін тоздырғаныңа қанша жыл?", - деп жазды жәбірленуші.  

Дамира Құлмағамбетова осыған дейін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.

Сонымен қатар, полиция Қылмыстық кодекстің 274-бабының 2-бөлігіне сәйкес, бұқаралық ақпарат және телекоммуникация желілері арқылы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін айыппұлдан үш жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылғанын ескертті. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина