Ақтау маңындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі қайтыс болды

Ақтау маңында жанармай тиелген цистерна жарылысынан зардап шеккендердің бірі қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, қайтыс болған адам - 1989 жылы туған азамат. 

"Өкінішке қарай, бір науқас қайтыс болды. Зардап шеккен екінші адам - 1981 жылы туған азаматтың жағдайы ауыр. Дәрігерлер қолынан келгеннің бәрін істеп жатыр", - деді Маңғыстау облыстық аурухананың баспасөз қызметі өкілдері.  

Еске салайық, кеше, 8 қаңтарда Ақтау маңында жанармай тиелген цистерна жарылғаны хабарланған болатын.

Оқиғаның мән-жайын азаматтық қорғау капитаны, Мұнайлы ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Жайнат Әуесбаев айтты. Оның сөзінше, 7 қаңтарда сағат 21.00 шамасында Мұнайлы ауданы, Дәулет ауылында орналасқан "BBJ GROUP" ЖШС көлік компаниясының базасында жанар-жағармай құйылған цистернасы жарылып, содан кейін өрт шыққан. Жарылыс салдарынан жараланған екі адам облыстық ауруханаға жеткізілген еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!