Бірде-бір адамы қалмаған "елес ауыл" әуеден видеоға түсірілді

Маңғыстаудағы "елес" ауыл әуеден видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Видеода - Қараған ауылы. Ескі карталарда 1900 жылдан бері бар. 1898 жылы осы ауылға келген Есаул Литвин Қарағанды шағын ауыл ретінде сипаттаған.  

1930 жылы ауылда Исаев атындағы балық артелі болса, артынша колхоз пайда болған. 

1940 жылы ауылдың атауы Каганович атындағы колхоз болып өзгертілген. Кейіннен ауылда сегіз жылдық мектеп, колхоз кеңсесі, дүкен, клуб, тұрғын үйлер пайда болған. Шағын ауыл үлкен қалашыққа айналған.  

Алайда 1963 жылы колхоздар жабылып, қарағандық балықшылар Форт-Шевченкоға көшіп кеткен. Тұрғындар ол жерде мал бағып не басқа аймақтарға көшіп кеткен. Осылайша, Қараған бірде-бір тұрғыны жоқ "елес" ауылға айналған.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!