Ресейде қазақстандық автобус аударылды

Ресейде қазақстандық автобус аударылды
Фото: rg.ru

Қазақстаннан Жаңасібірге бет алған жолаушылар автобусы Алтай аймағындағы тасжолда аударылып қалды. Бұл туралы облыс прокуратурасының баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды lenta.ru.

Оқиға Панкрушиха ауылынан 17 шақырым жерде болған. Автобус жолдан шығып кетіп, аударылып қалған. Салонда 54 жолаушы болған. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

РИА Новости мәліметінше, оқиға салдарынан бес адам зардап шеккен.

Прокуратура органдары өкілдері көлікті қамтамасыз ету заңнамасының сақталуы, маршрут көлікпен жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігіне тексеру ұйымдастырды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек