Кейінгі тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны азайды

Кейінгі тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны азайды
Фото: Әлихан Сариев

Кейінгі тәулікте 105 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

8 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 517 адам коронавирус инфекциясынан (–2 375+ және 142 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 272 пациент стационарда, 2 245 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 15 адамның жағдайы ауыр,
• 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Айта кетейік, 8 қаңтардағы жағдай бойынша, 169 адамнан Covid-19 анықталған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина