Атырауда суға батып кеткен балықшы үш тәуліктен бері табылмай жатыр

Атырауда суға батып кеткен балықшы үш тәуліктен бері табылмай жатыр
Фото: "Мой ГОРОД"

Атырауда суға батып кеткен балықшы үш тәуліктен бері табылмай жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, 5 қаңтарда сағат 11.14-те Жұмыскер ауылы маңындағы Орал өзенінде екі адам суға батып кеткені туралы хабар түскен. 49 жастағы ер адам табылып, ауруханаға жеткізілді. Ал екінші 48 жастағы балықшы үш күннен бері табылмай жатыр.  

Іздеу жұмыстарымен 11 құтқарушы, екі техника мен 1 жүзуге арналған құрал жұмылдырылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина