Түркістан облысында жоғалып кеткен ер адам өлі табылды

Түркістан облысында жоғалып кеткен ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, ер адам егістіктен табылған. Өзге мәліметтер әзірге белгісіз. 

Молдабек Игенбаевтың денесі 8 қаңтарда табылған. Бұл туралы _dobryaki_shymkenta Instagram-парақшасы хабарлады. 

Еске салайық, 5 қаңтарда Түлкібас ауданы Қызылту ауылының тұрғыны Молдабек Игенбаев үйден шығып, қайта оралмай, із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!