Ақтау маңында жанармай тиелген цистерна жарылды, зардап шеккендер бар

Ақтау маңында жанар-жағармай материалдары тиелген цистерна жарылды, - деп хабарлайды Lada.kz басылымы.

Оқиғаның мән-жайын азаматтық қорғау капитаны, Мұнайлы ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Жайнат Әуесбаев айтты.

Оның айтуынша, 7 қаңтарда сағат 21.00 шамасында Мұнайлы ауданы, Дәулет ауылында орналасқан "BBJ GROUP" ЖШС көлік компаниясының базасында жанар-жағармай құйылған цистернасы жарылып, содан кейін өрт шыққан.

Жарылыс салдарынан жараланған екі адам облыстық ауруханаға жеткізілді.

"Өрт толығымен сөндірілді. Себептері анықталып жатыр", - деді Жайнат Әуесбаев.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!