Алматы маңында жер сілкінді

8 қаңтарда Алматы маңында жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 8 қаңтар күні Алматы уақытымен 10.17-де жер сілкінісін тіркеді.

"Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 385 шақырым жерде Қытай аумағында орналасты. Зілзаланың энергетикалық санаты - 9.1. MPV магнитудасы - 3,9. Эпицентр координаты - 44.07° с.е. 81.53° ш.б. Тереңдігі - 5 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ", - делінген "Алматы" кезекші операторының хабарламасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!