Хайуанаттар бағының қызметкерін аю талап өлтірді

Хайуанаттар бағының қызметкерін аю талап өлтірді

Өзбекстандағы Андижан хайуанаттар бағында аю қызметкерге шабуыл жасады, - деп хабарлайды uznews.uz.

Оқиға 3 қаңтарда сағат 16:00-де болған. Хайуанаттар бағының қызметкері аюды тамақтандыру үшін қоршаудың ішіне кірген. Осы кезде жануар оған секіріп, мойнын тістеп алған. Ауыр жарақаттардан ер адам сол жерде мерт болған.

"Қожаабад ауданының ІІБ тергеу бөлімі тергеу жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Өзбекстанның Андижан облысы ІІБ баспасөз қызметі.

Аю шабуылының себептері туралы айтылмады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова