Ақтөбеде 1,5 миллиард теңге салық төлеуден жалтарған тұрғын сотталды

Экономикалық тергеу департаменті "Ақтөбеэлектросетьстрой" ЖШС директоры Болат Көшкеновті 2015-2017 жылдар аралығында бір миллиард 491 миллион теңге сомасында салық төлемеді деп айыптады, - деп хабарлайды "Диапазон".

Басылым мәліметінше, компания директоры кінәсін мойындамаған. Айыпталушы мемлекеттік сатып алумен жұмыс істеп, қосалқы мердігерлердің қызметіне жүгінгенін және жалған шот-фактураларды пайдаланбағын айтқан.

Бірақ, сот Болат Көшкеновті салық төлемегені үшін кінәлі деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айырған. Сондай-ақ, сот оны мемлекетке бір миллиард 491 миллион теңге көлемінде залалды өтеуге міндеттеген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!