Лифтте мысықты аяусыз ұрған астана тұрғыны 10 тәулікке қамалды

Лифтте мысықты аяусыз ұрған астана тұрғыны 10 тәулікке қамалды
Фото: Астана ПД баспасөз қызметі

Лифтте мысықты теуіп, ұсақ бұзақылық жасаған Астана тұрғыны 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметіне мәлімдеді.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде елордалық тұрғынның көпқабатты пәтер лифтісіне кіріп кеткен мысықты аяусыз тепкен видеосы пайда болған.

Сонымен қатар, астаналық осы лифтте дәрет сындырған. Оның үстінен ҚРҚБК-нің «Ұсақ бұзақылық» (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі) және «Жануарларға қатыгездік көрсету» баптары бойынша іс қозғалды.

"Сот талқылауы барысында М. өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінді. Сот оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 10 күн мерзімге әкімшілік қамауға алды», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот баптың санкциясында 5 АЕК көлемінде айыппұл салу немесе 10 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жаза қарастырылғанын түсіндірді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Астана полициясының баспасөз қызметі де оның «Жануарларға қатыгездік көрсету» бабы бойынша 5 АЕК көлемінде айыппұл салғанын хабарлады.

Еске салайық, Астана полициясы қылмыскердің жеке басын анықтаған болатын. Ол 19 жастағы елорда тұрғыны болып шықты.

А. Оралқызы