Үш күн ішінде 1200-ден аса адам қар құрсауынан құтқарылды - ІІМ

3-5 қаңтар аралығында полицейлер төтенше жағдай қызметімен және Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, 1212 адамды эвакуациялаған. Олардың 173-і - бала. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шамамен 100 автокөлік қардан шығарылған.

"Азаматтардан жолдағы жағдайды алдын ала біліп, аса қажеттіліксіз ешқайда шықпауды сұраймын. Жол қателікті кешірмейтінін есте сақтаған жөн!" - деді ведомство өкілі.

Күн бұзылғанына байланысты қай учаскелер жабық екенін 112, 102 телефондары арқылы, сондай-ақ, "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының байланыс орталығы 1403 телефоны арқылы білуге болады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!