Қостанай облысында McDonald's ғимараты алдына аза тұтуға арналған гүл шоғын қойған адам жазаланды

Қостанай облысында McDonald's ғимараты алдына аза тұтуға арналған гүл шоғын қойған адам жазаланды

Қостанайда облысында 31 жастағы тұрғын тез тамақтанатын мейрамхана маңына аза тұтуға арналған гүл шоқтарын қойғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, заңбұзушы бұл әрекетке досымен бәстескені үшін барған. 

Қостанай қаласының Полиция басқармасы қала тұрғынына қатысты "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік материал жиналғанын хабарлады. Іс жүргізу шешімін сот қабылдайды. Сонымен қатар, ұсталған кезде ер адам көлікті пайдалану ережелерін бұзып, көлік басқарған. Жол ережесін бұзғаны үшін де ол әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Еске салайық, бұған дейін қостанайлықтар жабылып қалған McDonald's ғимаратына гүл шоқтарын қойғаны хабарланған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова