Маңғыстау облысында үш баланың анасы үш айдан бері іздестіріліп жатыр

Маңғыстау облысында үш айдан бері үш баланың анасы Жәния Абдуллаева іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Inaktau.kz.

Басылым мәліметінше, Жәния Абдуллаева былтыр 29 қыркүйекте Бейнеу ауылындағы үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Кейінірек әйел жоғалған күні Бейнеу-Маңғыстау бағытында пойыз билетін сатып алғаны туралы ақпарат пайда болған.

Туыстары Жәнияны іздеуге жұртшылық пен құқық қорғау органдарына жүгінген. Алайда бүгінге дейін ешқандай нәтиже жоқ.

2 қаңтарда ол 28 жасқа толған. Оны үйде үш баласы күтіп отыр.

Жәния Абдуллаеваның жүрген жері туралы мәлімет білетін маңғыстаулықтардан +7 (775) 390-91-85, +7 (705) 289-54-90 немесе "102" телефондарына хабарласу сұралады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!