ДСМ қазақстандықтарға Қытайға бармауға кеңес берді

ДСМ қазақстандықтарға Қытайға бармауға кеңес берді
Фото: bloomberg.com

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға Қытайға бармауға кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vera.kz сайтына сілтеме жасап. 

Министрлік мәліметінше, бұл Қытайда коронавирус инфекцясының өршуімен байланысты. 

"Қазақстан Қытай азаматтары елге кірерде әзірге шектеу шараларын енгізуді жоспарап отырған жоқ", - деді министрлік өкілдері. 

Кейінгі тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Айта кетейік, Қытайда коронавирус өршуіне байланысты бірнеше мемлекет қытайлықтарға елге кіруде шектеу енгізе бастаған. Оның ішінде, АҚШ, Франция, Аустралия, Канада, Ұлыбритания, Жапония мен Үндістан бар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина