Павлодарда мас ер адам тұрмыстық заттарды бесінші қабаттан лақтырған

Павлодарда мас ер адам тұрмыстық заттарды бесінші қабаттан лақтырған
Фото: Polisia.kz

Павлодарда мас ер адам тұрмыстық заттарды бесінші қабаттан лақтырған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірнеше күн бұрын Павлодар ПБ өкілдері Солтүстік полиция бөліміне көпқабатты үйдің тұрғындарының бірі көмек сұрап шақыру келіп түскенін хабарлады.

"Келген тәртіп сақшыларына әйел бірге тұратын адаммен кафеден оралғанын, бірақ үйде ер адам жанжал шығарып, тұрмыстық заттарды бесінші қабаттың терезесінен аулаға лақтырып жібергенін айтты. Полиция ерлі-зайыптымен осындай деректерге жол бермеу және абаттандыру ережелерін сақтау туралы профилактика әңгімесін өткізді. Әйел өзінің бірге тұратын адамына шағымданып, өтініш жазудан бас тартты. Полиция қызметкерлері отбасындағы тұрмыстық салада құқықбұзушылық жасағаны үшін ер адамға қатысты қорғау ұйғарымын шығарды. Сонымен қатар, тәртіп бұзушы аулаға шашқан заттарды жинап, тәртіпсіздікті жойды", - деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Полиция қызметкерлері жыл басынан бері Павлодар облысының тұрғындары 4086 отбасындағы тұрмыстық құқықбұзушылық жасағанын айтты. Сондай-ақ, аймақтың 6678 тұрғыны абаттандыру ережелерін бұзды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек