Twitter-де деректерге жаппай шабуыл жасалды

200 миллионнан аса Twitter қолданушысының электрон поштасы ұрланды, - деп хабарлайды MARCA

Басылым мәліметінше, деректер хакерлердің онлайн форумында сатылымға шыққан.

"Деректер ұрлануы мақсатты фишингке әкеп соғуы мүмкін", - деді Израильдің киберқауіпсіздікті бақылау фирмасының негізін қалаушы Алон Галь.

Ол бұл әлеуметтік медиа тарихындағы ең үлкен ақпарат ұрлануы екенін атаған.

Сондай-ақ, бұл жайт 2021 жылы болуы мүмкін екені айтылған. Бірақ ұрланған мәліметтер базасы енді ғана сатылымға шығарылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!