Астанада әкесі мен баласының төрт жылдан кейін көрісуі елді жылатты

Астанада әкесі мен баласының төрт жылдан кейін көрісуі елді жылатты
Фото: polisia.kz

Астана полицейлері патрульдеу кезінде бірнеше жыл бұрын жоғалған адамды тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство мәліметінше, таңертеңгі сағат 08.00 шамасында патрульдік полиция полкінің полицейлері Талғат Намазбаев пен Әбілқайыр Мырзатаев Құтпанов көшесіндегі үйдің кіреберісі маңынан ер адамды байқаған. Полицейлер тоқтап, оны тексергенде ер адамның құжаттары болмаған. Кейін ол Сарыарқа ауданы Полиция басқармасына жеткізілген.

Оның сөзінше, 4 жыл Ақмола облысында тұрып, жұмыс істеген және осы уақыт ішінде туыстарымен байланысын үзген. Тексеріс кезінде 48 жастағы ер адамның Ақсу қаласында тұратын 29 жастағы ұлы бары анықталып, полицейлер оған хабарласқанда, баласы әкесін бірден таныған. Ұлы мен әкесінің бірнеше жылдан кейін сөйлескен әсерлі сәті видеоға түсіп қалған. Баласы әкесін тауып, жаңа жылда отбасына тыныштық пен қуаныш сыйлаған елорда полицейлеріне алғыс айтқан. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова