"Лап-лап" сериясынан: Желіде "МузАрт" тобының архивтегі видеосы тарады

"Лап-лап" сериясынан: Желіде "МузАрт" тобының архивтегі видеосы тарады

Желіде "МузАрт" тобының бірнеше жыл бұрынғы видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны топ мүшесі Сәкен Майғазиев Instagram-парақшасында жариялады. 

"Қалай, былай? Сәулемен сұхбат. "Ақжүніс" бағдарламасы. Костюмді Альфия Муллашева ханым тіккен. "Лап-лап" сериясынан", - дейді әнші. 

Видеода топ мүшесі Мейрамбек Бесбаев шәкірт тәрбиелеу және жеке өміріне қатысты сұраққа жауап беріп жатыр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Сәкен Майғазиевтің оқырмандары топтың бірнеше жыл бұрынғы бұл видеосына тәнті болған. 

"Не деген жассыздар, сұп-сұлу", "Мейрамбекке студент кезімде ғашық болғам. Армандап жүретін едім. Төсегімнің басына суретін іліп, қарап жататынмын", "Құдай, қандай керемет кездер десейші!.. МузАртсыз бағдарлама түсірмейтін едік қой", "Мәкең біраз қыздарды сындырған сияқты ғой", "Сол кездер керемет еді ғой", "Ақжүніс" бағдарламасын үзбей қарайтынмын", "Қазақ эстрадасында Мейрамбекке балама жоқ. Жас кезінен шырылдап, өз дауысымен халықтың сүйіспеншілігіне бөленген. Мейрамбек балам, қоңыр даусымен, әдемі домбырасымен, фонаграммасыз айтатын. Халықты әдемі әніңмен тамсантып, қуанта бер", - дейді әншінің оқырмандары. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина