"Жариялауға рұқсат берді". Желіде Досымжан Таңатаровтың екінші әйелі туралы ақпарат тарады

Желіде танымал әнші Досымжан Таңатаровтың екінші отбасы бары туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны Шахаризат Сейдахмет есімді әнші TikTok-та жариялаған. 

"Досымжан ағам екінші отбасын жариялауға рұқсат берді", - деп жазған ол.

@shahon_seri #тоқал #отбасы #жанұя #бурабай #баравое2022 ♬ оригинальный звук - Шахаризат Сейдахмет

Желі қолданушылары бұл хабарға таңғалғанын жасырмаған.

"Қазақ байыса қатын алады деген рас", "Ойбай сенген серкем сен болсаң деген екен", "Үндемегеннен үйдей бәле шығады деген, Досекең бәле", "Шок болдым шынымды айтсам. Басқасы басқа, Досымжанды бұлай ойламаппын", - деп жазған Желідегілер.

Видеоны жариялаған Шахаризат Сейдахмет кейінірек Досымжан Таңатаровты сынаған қалың көпшілікке жауап берген.

"Бұл - бейнебаян. Бұл клип, әй аңғал қазағым", - деп жазған ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!