"Таңғалғандар көп". Айдана Меденова не үшін образын өзгерткенін түсіндірді

"Таңғалғандар көп". Айдана Меденова не үшін образын өзгерткенін түсіндірді
Фото: instagram.com/aidanamedenova_officialpage

Әнші Айдана Меденова неліктен образын өзгертіп, әлеуметтік желідегі парақшасындағы ескі суреттерін өшіріп тастағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің сөзінше, оқырмандары не үшін бүкіл фото-видеосын өшіріп тастағанын сұрап жатыр екен. 

"Бұл әрекетіме таңғалғандар көп. "Бұрынғы жүріп өткен жолыңды қалай ұмыта салдың" деп жазғырғандар да бар. Бірақ ол - өткенді ұмыту емес, жүрек үні бағыттаған жолды таңдауым. (...) Иә, мен бұған дейін өз-өзіммен іштей күресіп жүрдім. Күмәнім көп еді. Бірақ Алла маған өз жүрегімнің үнін естуге мүмкіндік берді. Алланың маған берген сыйы да сол.

Алланың жәрдемімен ақиқатты таныған кезде менің санамдағы күдік өз өзінен ғайып болды. Алладан шын ниетіммен сұрадым - ол менің жүрегіме дұрыс жауапты, дұрыс ойлар мен дұрыс мақсатты бір уақытта сыйлады. Мен енді жүрек қалауымен ғана Алла бағыттаған жолмен жүргім келеді. Бұл менен ешкім тартып ала алмайтын шындық!", - дейді Айдана. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айдана Меденова (@aidanamedenova_officialpage)

Айта кетейік, 4 күн бұрын Айдана парақшасында жазба жариялап, өмірінде өзгерістер болып жатқанын хабарлаған болатын. Артынша әнші басына орамал тағып, хиджаб кие бастағанын жария етті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина