Шымбұлақта көшкін жүрді

Шымбұлақта көшкін жүрді
Фото: elements.envato.com

Алматыда Шымбұлақ маңында көшкін жүрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖД-ға сілтеме жасап.

Алматы ТЖД мәліметінше, сағат 12:33-те "Эдельвейс" қонақүйі маңында, кіші Алматы өзені бассейнінде қар көшкін жүргені туралы хабарлама түскен.

700 текше метр көшкін Шымбұлақ - Тұйық Су жолын жауып тастаған. Қаза болғандар, зардап шеккендер жоқ. "Қазселденқорғау" жол тазалаумен айналысады.

"Алматы Төтенше жағдайлар департаменті мен "Қазселденқорғау" бұл уақытта таулы жерлерге бармауға, тік қарлы беткейлерден сақ болуға, тау шаңғысы курорттарындағы қоршаулардан шықпауға кеңес береді", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Департамент по ЧС г.Алматы (@almaty_tjd)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова