"32 жас". Ауыс-түйістен кейін Қазақстан Үкіметі қалай жасарды?

"32 жас". Ауыс-түйістен кейін Қазақстан Үкіметі қалай жасарды?
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстан Үкіметі мүшелерінің жалпы жасы қысқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бес министрді ауыстырды. Жаңадан тағайындалған экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова мен мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов 32 жаста. 

Жаңа индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев 35 жаста. Ол бұрынғы ИИДМ министрінен 23 жас кіші.

Әділет министрі Азамат Есқараев та бұрынғы ведомство басшысынан 13 жас кіші, ол 43 жаста.

Министрлер кабинеті мүшелерінің жалпы жасы 52 жасқа қысқарды.

Жаңа Үкіметтің орташа жасы - 47,8 жас. Бұрынғы құрам бойынша 50,1 жас еді.

Министрлердің ішіндегі ең жасы - Зульфия Сүлейменова. Ол 1990 жылы 25 ақпанда дүниеге келген және Мәдениет министрлігінің жаңа басшысы Асхат Ораловтан 15 күн кіші. Бұған дейін ең жасы 39 жастағы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров болатын.

"Ет жемеймін, тон кимеймін". 32 жастағы министр туралы не белгілі?

Үкіметтің ең жасы үлкені - ішкі істер министрі Марат Ахметжанов, ол 58 жаста.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек