5 кісі өлімі, 17 тонау: полиция демалыс күндері қандай қылмыстар жасалғанын айтты

5 кісі өлімі, 17 тонау: полиция демалыс күндері қандай қылмыстар жасалғанын айтты
Фото: pixabay.com

1-3 қаңтар аралығында 733 қылмыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, 733 қылмыс 499-ы бір тәулік ішінде ашылған.

Полиция қызметкерлері "ізін суытпай" 5 кісі өлтіруді, 3 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 17 тонау және 118 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашқан. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина