Азамат Есқараев әділет министрі болып тағайындалды

Азамат Несіпбайұлы Есқараев әділет министрі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының әділет министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Азамат Несіпбайұлы 1979 жылы 7 қазанда Алматыда дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

Ол еңбек жолын 1996 жылы Алматыдағы ДЭЗ-2 жұмысшысы болып бастады.

2000-2002 жылдары - РК Әділет министрлігі Заңнама департаментінің бас маманы.

2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінде бөлім басшысы; басқарма басшысы.

2003-2005 жылдары - ҚР Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілер департаменті бөлімінің басшысы.

2005-2006 жылдары - Алматы әкімдігінің бас инспекторы.

2006-2007 жылдары - "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ Заң қызметтері департаментінің бас менеджері.

2007 жылы - ҚР Әділет министрлігінің құқықтық мәселелері жөніндегі консультанты; Ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы.

2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы әділет министрінің көмекшісі.

2008-2009 жылдары - ҚР Әділет министрлігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры.

2009-2014 жылдары - ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры.

2014-2019 жылдары - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2019 жылғы маусымнан бастап - ҚР Премьер-министрі Кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!