Елімізде жаңа оқу-ағарту министрі тағайындалды

Елімізде жаңа оқу-ағарту министрі тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Ғани Бектайұлы Бейсембаев ҚР оқу-ағарту министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген хабарламада.

Ғани Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Ол Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. 

Еңбек жолын 1986 жылы Шиелі аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі қызметінен бастаған. 

1989-1990 жылдары - қазақ тілі мұғалімі.

1990-1995 жылдары - орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

1995-1997 жылдары - орта мектеп директоры.

1997-2000 жылдары - ҚР БҒМ  Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы президентінің ғылыми хатшысы, кеңесшісі. 

2000-2001 жылдары - Қапшағай қаласы білім бөлімінің басшысы.

2001-2006 жылдары - Қосымша білім беру орталығының директоры.

2006-2020 жылдары - Халықаралық білім беру орталығының бас директоры.

2006-2007 жылдары - Техникалық-экономикалық колледж директоры.

2020 жылы ҚР БҒМ "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болды.

2020 жылғы желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР БҒМ  Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек