Ғалымжан Қойшыбаев жаңа қызметке тағайындалды

Ғалымжан Қойшыбаев Үкімет Аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Үкімет Аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев 1968 жылы Қызылордада дүниеге келген. 

Ол М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған.

1995-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі, кеңесші-уәкілі болып қызмет еткен. 

2004 жылы - Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымының жанындағы Өкілетті өкілі болған. 2004-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бас инспекторы. 

2006-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі. 

2008-2012 жылдары - Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы, Эстония Республикасындағы және Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі (қоса атқарушы). 

2012-2016 жылдары - Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасы мен Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі (қоса атқарушы). 

2016 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.

2019 жылғы 26 наурызда Үкімет қаулысымен ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. 

2019 жылғы 18 қыркүйекте ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. 

2021 жылғы 18 қаңтарда ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды. 

2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!