Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты

Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты. Алмалы ауданында 18 қабатты үйдің 4-қабатында пәтер өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Ақпаратты Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері растады.

ТЖД өкілдерінің мәліметінше, сағат 10:13-те Алмалы ауданы, Брусиловский көшесі, 167 үй, 4-блок, 18 қабатты үйдің 4-қабатындағы пәтердің 30 шаршы метр аумақта асүй мен бөлмелері өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнынан түсірілген видеоны Tengrinews.kz тілшісіне өрт оқиғасының куәгері жіберді.

"Қабылданған шаралар нәтижесінде өрт 10:44-те оқшауланды, 10:59-да жойылды. Өрттің 5-қабатқа таралуына жол берілмеді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері мен 11 техника жұмылдырылды", - деді ведомство өкілдері.

Газ және түтіннен қорғау қызметінің буындары тұрғындарды эвакуациялады. Келген өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің автобусы эвакуацияланған тұрғындарды жылыту үшін жабдықталған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек