Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының ұлы қайтыс болды

Танымал айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының ұлы қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаралы хабарды ақынның жақындары Facebook-парақшасында хабарлап жатыр. 

Facebook / Оңғар Қабден 

Facebook / Бауыржан Халиолла 

Айта кетейік, айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы 1974 жылы 8 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Тарбағатай ауылында дүниеге келді. 1992 жылы Тарбағатай ауылындағы "Октябрь" орта мектебін бітірді. 1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін бакалавр дәрежесі бойынша аяқтап, 1999 жылы "әдебиеттану" саласы бойынша магистр дәрежесін алды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Студенттер клубының директорының орынбасары, директоры (1999-2001), Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы директорының орынбасары (2001-2002).

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ тіл білімі кафедрасында осы уақытқа дейін қазақ әдебиеті кафедрасында ұстаздық жолында еңбек етіп келеді. Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанынан құрылған "Топжарған" жас айтыскерлер мектебінің жетекшісі.

Ол республикада ақын-жазушы ретінде белгілі. Өлеңдер жинақтары жас ақындардың антологиясына енгізілді. "Жалын", "Парасат" журналдарында, "Қазақ әдебиеті", "Жас қазақ" газеттерінде жарық көрді.

"Қазақстан" ұлттық телеарнасы, "Қазақ радиосы", "Қазақ әдебиеті" газеті бірлесіп өткізген "Бір өлең – бір әлем" атты республикалық жыр мүшәйрасының екінші орын иегері (2008), Астана қаласындағы "Қала күні" мерекесіне арналған жыр мүшәйрада 1 орын иегері (2012) атанды.

Публицистикалық мақалалар ұлттық басылымдарда басылып шығады.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты (2006).

2002 жылдан қазіргі уақытқа дейін Еуразия ұлттық университетінде жұмыс істейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!