Алматыда 5 тегін мұзайдын жұмыс істеп жатыр

Алматыда 5 тегін мұзайдын жұмыс істеп жатыр
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пандемия кезінен бері Алматыда қала тұрғындары мен қонақтары үшін алғаш рет тегін мұзайдындар ашылды. Бұл жерде мерекелік атмосферада демалысты белсенді өткізуге болады. Мұзайдындарда коньки жалға беріледі. Сондай-ақ мұзға өз конькилеріңізбен де келуге болады. Мұзайдындарда коньки тебуді үйрететін инструкторлар да жұмыс істейді.

Тұңғыш Президент саябағының алдындағы мұзайдын

Тегін мұзайдын Тұңғыш Президент саябағына кіре беріс жерде орналасқан. Мұзайдын тәулік бойы жұмыс істейді, бұл түнгі сиқырлы атмосферада сырғанауға мүмкіндік береді. 

Мекенжай: Навои және аль-Фараби көшелерінің қиылысы
Конькиді жалға беру бағасы: 1000 теңге (2 сағат)

Республика Сарайының алдындағы мұзайдын

Абай алаңындағы басты жаңажылдық шырша жанынан тегін мұзайдын ашылды. "Қазақстан" қонақүйі мен "Арман" кинотеатры секілді тарихи ғимараттардың атмосферасында отбасыңызбен немесе достарыңызбен жақсы уақыт өткізуге болады.

Мекенжай: Достық даңғылы, 56
Конькиді жалға беру бағасы: 1000 теңге (2 сағат)

 Таугүл ықшам ауданындағы мұзайдын

Жандосов және Ықылас көшелерінің қиылысында ашық аспан астында тегін мұзайдын орналасқан.   

Мекенжай: Ықылас көшесі, 7
Конькиді жалға беру бағасы: 1000 теңге (2 сағат)

Наурызбай ауданы әкімдігінің алдындағы мұзайдын

Тағы бір тегін мұзайдын Наурызбай ауданы әкімдігінің алдына құйылды. Аудандағы басты жаңажылдық шырша мерекелік көңіл күй сыйлайды. 

Мекенжай: Шұғыла шағынауданы, 347
Конькиді жалға беру бағасы: 1000 теңге (2 сағат)

№6 Оқушылар үйі алдындағы мұзайдын

Түрксіб ауданында да тегін мұзайдын ашылды. Ол №6 Оқушылар үйі алдында орналасқан.

Мекенжай: Сейфуллин көшесі, 13
Конькиді жалға беру бағасы: 1000 теңге (2 сағат)

Жақын арада Жетісу ауданындағы "Гүлдер" саябағында тағы бір мұзайдыны ашылады деп жоспарлануда.

А. Жапатова