Диетолог күніне қанша мандарин жеуге болатынын айтты

Диетолог күніне қанша мандарин жеуге болатынын айтты
Фото: elements.envato.com

Күндіз төрт мандариннен артық жемеген дұрыс, бірақ ағзаның жеке ерекшеліктерін, талшықты көп көлемде сіңіру қабілетін, қышқылдарға реакциясын, аллергиялық реакцияларын ескеру қажет. Бұл туралы Lenta.ru басылымына диетолог Елена Соломатина айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ең алдымен әр адамның ағзасы әртүрлі екенін ескерген дұрыс. Асқазан-ішек жолдары ауыратын, гастрит, панкреатиті бар адамдар, цитрус өнімдерін жеген кезде асқазаны ауыратын адамдарға мандарин жемеген дұрыс", - дейді диетолог.   

Сонымен қатар, талшыққа сезімтал адамдарға мандарин жемеген дұрыс. Себебі мандариннің құрамында талшық көп болады. 

Ал жалпы күніне орта есеппен төрт мандарин жеу жеткілікті. 

"Әрине мандаринді күндіз де, кешке де жеуге болады. Бірақ цитрус өнімдерінің иісінің өзі сергіту қасиетіне ие, ал бұл ұйқысыздық проблемасы бар адамдарға кері әсер етуі мүмкін. Ал мұндай проблемасы жоқ адамдар мандаринді кез келген уақытта жей алады", - дейді Соломатина. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина