Соңғы рет неандерталдықтар 50 мың жыл бұрын көрген комета Жерге жақындап келе жатыр

Соңғы рет неандерталдықтар 50 мың жыл бұрын көрген комета Жерге жақындап келе жатыр

Жерге Күнді әр 50 мың жыл сайын айналып өтетін C/2022 E3 (ZTF) кометасы жақындап келе жатыр. Соңғы рет комета неандерталдықтар заманында Жерге жақын ұшқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Russian Traveler сайтына сілтеме жасап. 

C/2022 E3 (ZTF) кометасын астрономдар соңғы рет наурызда анықтаған. Содан бері комета жарқырай түскен. 

Бүгінде комета Жерден 188 миллион шақырым жерде келе жатыр. 2023 жылдың 1 қаңтарында ол Күнге жақындай түскен, ал 1 ақпанда біздің планетамызға жақындай түсуі керек. 

Жақында ғалымдар кометаны жақыннан түсірген. Суретте өзі жасыл түстес, ал "құйрығы" сары түстес нысан байқалған. Комета Жерге 41,8 миллион шақырым жақындаған кезде ғана оны телескоппен анық көруге болады.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина