Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

1 қаңтарда "Талдықорған - Үштөбе" тасжолының 10-шақырымында Фольксваген Гольф автокөлігі жол апатына ұшырап, салдарынан екі адам қаза болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, 42-жастағы көлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетіп, аударылған.

Апат салдарынан жүргізуші мен автокөліктегі 35 жастағы жолаушы әйел қаза болған.

Ведомство өкілдері бұл дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес соталды тергеу басталғанын хабарлады.

Полицейлер өңірде 31 желтоқсаннан 4 қаңтарға дейін ауа райы нашарлап, көктайғақ болатынын ескертті.

Осыған байланысты ІІМ қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, рұқсат етілген жылдамдық режимінен аспауға шақырды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова