Түркиядағы мейрамханадағы жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ

Түркиядағы мейрамханадағы жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ
Фото: Twitter.com/Politeknik

Түркияның Айдын қаласындағы мейрамханада болған жарылыстан Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

30 желтоқсанда Түркияның Айдын қаласының Назилли ауданындағы мейрамханада болған жарылыс салдарынан 7 адам қаза тауып, тағы бесеуі жараланды.

БАҚ мәліметінше, жарылыс мейрамхананың асханасында жергілікті уақыт бойынша сағат 15:15 шамасында тұрмыстық газ баллонын ауыстыру кезінде болған.

"Түркиядағы мейрамханадағы жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ", - деді Сыртқы істер министрлігі Tengrinews.kz тілшісіне.

Елдің әділет министрі Бекир Боздагтың айтуынша, төтенше жағдайдан кейін Назилли аймағының прокуратурасы сот тергеуін бастаған. TRT Haber телеарнасының мәліметінше, бұл дерек бойынша бес адам ұсталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек