Астанада демалыс күндері қоғамдық көліктер қалай жүреді?

Астанада демалыс күндері қоғамдық көліктер қалай жүреді?
Фото: © Тұрар Қазанғапов

Астанада жаңажылдық демалыс күндері қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Жаңа жылдың келуіне орай қазақстандықтар төрт күн демалады. CTS өкілдері бұл күндері қалада автобустар қалай жүретінін айтты.

Көліктік қызмет көрсетудің оңтайлы деңгейін қамтамасыз ету мақсатында мереке күндері елорданың қоғамдық көлігі келесідей жүреді: 2023 жылғы 1 қаңтар-демалыс күнінің кестесі.

"Бұл күні барлық қалалық маршруттар мен қала маңындағы маршруттар шығады №303, 304, 306, 307, 320, 323, 326 1 кесте арқылы таңғы 10:00-ге дейін жүзеге асырылады. Сағат 10.00-ден кейін қозғалыс штаттық кесте бойынша болады. Қала маңындағы маршруттар - №302, 305, 308, 309, 310, 311, 312, 313, 314, 315, 316, 317, 318, 319, 321, 322, 327 - қозғалыс демалыс күнінің штаттық кестесі бойынша таңғы 10.00-ден басталады", - делінген хабарламада.

2023 жылдың 2 және 3 қаңтарында демалыс кестесі де жұмыс істейді. Келесі күндері қоғамдық көліктің жұмысы қолданыстағы қозғалыс кестесіне сәйкес штаттық режимде қамтамасыз етілетіні айтылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан