Өлі табылған 4 жасар баланың денесінде зорлық белгілері бар болып шықты

Полиция Ақтөбеде өлі табылған 4 жасар Данил Ахуновтың ісіне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Іздеу шараларының нәтижесінде 28 желтоқсанда жоғалып кеткен 2018 жылы туған Данил Ахуновтың зорлықпен өлім белгілері бар денесі табылды. Күдікті ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі "Жас баланы өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде өзге ақпарат жария етілмейді.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде аулада ойнап жүріп жоғалып кеткен 4 жасар бала өлі табылғаны хабарланған болатын. 29 желтоқсанда 4 жасар Данил Ахунов таңертең аулада ойнап жүрген жерінен жоғалып кеткені хабарланған болатын. "Диапазон" мәліметінше, баланы әкесі таңғы сағат 9:30 шамасында үйінің кіреберісінде қалдырып кеткен. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!