"Мұныңыз ұят енді". Айгүл Иманбаеваның видеосы жұрттың ашуына тиді

"Мұныңыз ұят енді". Айгүл Иманбаеваның видеосы жұрттың ашуына тиді
Фото: видео кадры

Әнші, актриса Айгүл Иманбаеваның парақшасына жүктеген видеосы жұрттың ашуына тиді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің сөзінше, бұл "Ажырасам" фильмінің түсірілімі барысында болған жайт екен. Видеода ол төсекте жатқан актер Жанболат Найзабековтің үстіне шығып билей бастайды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ????? ?????????? (@aigul_imanbayeva)

Иманбаеваның оқырмандарына актрисаның бұл әрекеті ұнамаған. 

"Тапқан екенсіңдер түсіретін фильмді. Бұзары бар, түзері жоқ. Әпербақандар","Балық басынан шіриді деген. Неге осындай фильм түсіресіңдер десе, өмір солай, бар өмірді көрсетейік деп қояды. Өмірдегі жаманды жасырушы еді бұрын..", "Бір кезде ұят болмасын да ойнап танылып едің енді осымен бітіпсің, не жетпейді еркектің жылылығы ма, не мынау", "Қу ақша не істетпейді иә? Қазағым үшін, елім үшін, елімнің жастарының болашағы үшін осы кинода жүрмін деп бір актер айтпай-ақ қойсыншы", "Айгүл, мұныңыз ұят енді, сізден мұндайды күтпеген едім. Иманбай атаңыздың әруағынан ұят шығар деп ойлаймын, ұлыңыз қалай қабылдайды екен мына қылығыңызды? Енді бұл сіздің таңдауыңыз, әрине. Біз айтқанмен сіз оны тыңдамайтын шығарсыз, ерсі қылықты айту парыз деп ойлаймын", - дейді Айгүл Иманбаеваның оқырмандары. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина