Қазақстанда электронды темекіге қатысты пәтуа шықты

Қазақстанда электронды темекіге қатысты пәтуа шықты
Фото: elements.envato.com

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы электрон темекіні қолдануға қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Басқарма электрон темекі адамның денсаулығына зиян болғандықтан және ысырапқа жататындықтан ол харам деген үкім шығарды.

"Оны қолдануға болмайды", - делінген хабарламада. 

Электрон темекінің басты қаупі айтылды

Еске салайық, Луисвилл университетінің ғалымдары электрон темекінің жүрекке қалай әсер ететінін зерттеген болатын. Нәтижесінде зерттеушілер электрон темекінің аз уақыт әсерінің өзі белгілі бір химиялық заттардың әсерінен жүрек соғысын тұрақсыздандырып, жүректің жұмысына әсер етуі мүмкін деген қорытынды жасаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина