Олег Крук қызметінен босатылды

Олег Крук қызметінен босатылды
Фото: Pavlodarnews.kz

Олег Крук Палодар облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша, Павлодар облысы әкімінің өкімімен әкімнің бірінші орынбасары болып Хасар Хабылбеков тағайындалған. Ол энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Ал бұрын осы лауазымда қызмет атқарған Олег Крук өз өтініші бойынша қызметінен босатылды.

Еске салайық, Олег Крук 1 желтоқсанда Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалған еді. 

Артынша бұл қызметке Асайын Байханов тағайындалған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина