Тоқаев Конституциялық соттың жаңа төрағасын қабылдады

Тоқаев Конституциялық соттың жаңа төрағасын қабылдады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Эльвира Азимованы қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының төрағасы лауазымына кірісетін Эльвира Азимованы қабылдады.

Президент Конституция нормаларының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ететін жаңа орган құрудың маңыздылығын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық сот еліміздегі демократияның негізгі қағидаттарының орнығуына үлес қосып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға зор үлес қосатынына сенім білдірді.

Жаңа орган Конституциялық Кеңестің құзыретіне кірген мәселелер шеңберінен тыс азаматтардың белгілі бір нормативтік құқықтық актілер олардың конституциялық құқықтарын бұзады деп санайтын өтініштерін де қарайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек