Павлодарда жасөспірім көшеде мылтық алып жүрген

Павлодарда жасөспірім көшеде мылтық алып жүрген
Фото: Polisia.kz

Павлодар полиция қызметкерлері көшеде мылтық алып жүрген жасөспірімді ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

29 желтоқсанда патруль тексеріс кезінде сағат 02:52-де Павлодарда Торайғыров көшесі бойынша полиция батальонының инспекторлары 17 жастағы жігітті ұстады. Одан МЦ-21-12 тегіс ұңғылы, бір ұңғылы, бес оқпанды мылтық тәркіленді. Бұл ретте мылтық қапталмаған түрде болды. Кәмелетке толмағанның жанында медициналық куәландыру нәтижелерімен расталған масайған әкесі болды.

Тәркіленген қарудың иесі - жасөспірімнің әкесі. Оның атына ИЖ-58 тағы бір мылтық тіркелген. 

"Бұл дерек бойынша 46 жастағы қару иесіне қатысты қаруды алып жүру ережелерін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 484-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Қолда бар екі қару иесінен тәркіленді. Сондай-ақ, иесінің азаматтық қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсаты алынды. Сонымен қатар, қоғамдық орында масаң күйде болғаны үшін ер адам жауапкершілікке тартылып, оған ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 440-бабы бойынша 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды", - деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Полиция қызметкерлері жыл басынан бері құқықтық 10781 азаматтық қару иесін тексерді. Нәтижелері бойынша 693 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түрлі заңбұзушылықтарға жол берген 13 қару иесінің рұқсаты жойылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек