Арыс әкімдігінде тазалаушы болып істейтін әйел Bentley ұтып алды

Арыс әкімдігінде тазалаушы болып істейтін әйел Bentley ұтып алды
Фото: Видеодан алынған кадр

Арыс әкімдігінің тазалаушысы Bentley ұтып алды, - деп хабарлайды otyrar.kz.

Басылым мәліметінше, Күнсұлу Өтегенова нағыз жаңажылдық кереметтің куәсі болды.

Арыс тұрғыны Instagram-да блогерлердің бірінің байқауына қатысып, Bentley көлігін ұтып алды.

Ол Арыс әкімдігінде тазалаушы болып жұмыс істейді. Жеңімпаздар тікелей эфирде кездейсоқ сандарды генерациялау арқылы таңдалған.

Қазір әйел жеңісін тойлап жатыр. 2022 жыл оған естен кетпес сыйлық сыйлағаны сөзсіз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек